#KazNAU университет жарнамасына байқау! - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2444 Статистика

#KazNAU университет жарнамасына байқау!

Құрметті білім алушы жастар!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
жоғары оқу орнының табыстары мен жетістіктері туралы студенттер арасында
жарнамалық-имидждік бейне, анимациялық роликтерге 
байқау жариялайды
 
Байқаудың мақсаты:
  • 90 жылдан астам тарихы бар жоғары оқу орнының беделі мен танымалдылығын, жағымды имиджін арттыру, ауылшаруашылығы білімі мен ғылымына жастарды тарту; 
  • Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті, білімді, дарынды жастарды іріктеу және оларға қолдау көрсету;
  • Университет ұстаз-ғалымдарының еңбегін дәріптеу, үлгі ету; университеттің қалыптасқан құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттауға, сақтауға атсалысу;
  • Жастардың ұлттық санасын жаңғыртуға ықпал ету, озық білім алуға, ауыл шаруашылық жұмыстарын зерделеуге ынталандыру;
  • Студенттердің шығармашылық  қабілеті мен әлеуетін тиімді пайдалану.
Байқауға университеттің табыстары мен жетістіктері туралы баяндайтын шығармашылық жұмыстар (бейнеролик, анимациялық ролик) қабылданады.

Жұмыстарды қабылдау уақыты - 2021 жылдың 25 ақпанына дейін. Байқау шарттары мен өткізілу тәртібі, шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптар туралы  толық ақпаратты Ережеден білуге болады.

Үздік жарнамалық роликтер университет сайтында (www.kaznaiu.edu.kz) және оқу орнының ресми YouTube каналында, Facebook, Instagram әлеуметтік желі парақшаларында #KazNAU image хэштегімен жарияланады.

Байқауға қатыс, бағыңды сына, жүлдеге ие бол! Университет тарихында өз ізіңді қалдыр!
Біз Сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз!
 
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – сенің таңдауың!

 
Ұйымдастыру комитеті
ҚазҰАЗУ Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 (727) 2 62 17 85
Шығармашылық жұмыстарды қабылдау:
gulnara.bitimshina@kaznau.kz
8 707 188 99 77

Читайте также Архив новостей