Студенттердің шығармашылық жұмыстарының қашықтық байқауына шақырамыз! Құрметті ҚазҰАЗУ жастары! - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2443 Статистика

Студенттердің шығармашылық жұмыстарының қашықтық байқауына шақырамыз! Құрметті ҚазҰАЗУ жастары!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында білім алушылар бойында қазақстандық мемлекеттілік пен патриотизмді нығайтуға  ықпал ету, студент жастардың шығармашылық, әлеуметтік-қоғамдық белсенділігін қолдау мақсатында «ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!» тақырыбында шығармашылық жұмыстардың байқауы жарияланады!

Байқау номинациялары:

«Тәуелсіз елдің ұрпағымын» тақырыбына эссе. Байқау барысында эссе мазмұнының белгіленген тақырыпқа сәйкес келуі, тақырыптың толық ашылуы, жұмыстың мазмұндылығы, жұмысты рәсімдеу талаптарының сақталуы ескеріледі.
 
«Менің Қазақстаным» тақырыбында бейнеролик
– байқау барысында қатысушының тақырыптың мазмұнын бейнеролик арқылы жеткізе білу шеберлігі ескеріледі. Бейнероликтің саны - 1, ұзақтығы – 1,5 минут.

Тәуелсіздік тақырыбына жазылған өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу. Байқау аясында қатысушы танымал қазақ ақындарының бірінің тәуелсіздік туралы өлеңін өзі жатқа мәнерлеп оқыған бейножазбасын (видео) жібереді. Бейнежазба ұзақтығы - 1 минуттан аспауы тиіс.
    
Байқауға шығармашылық жұмыстар
2021 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады. Байқау туралы толық ақпаратты Ережеден біле аласыздар!
 
Жеңімпаздарды арнайы жүлделер күтеді! 
Үздік шығармашылық жұмыстар университет сайтында (www.kaznaiu.edu.kz) және оқу орнының ресми YouTube каналында, Facebook, Instagram әлеуметтік желі парақшаларында #Тәуелсіздік30 хэштегімен жарияланады.
Байқау туралы ақпараттарды Инстаграм және Фейсбук парақшаларынан біле аласыздар! 
Іске сәт, достар! 
Шығармашылық шабыт тілейміз!
 
#онлайнбайқау
#Тәуелсіздік30
#тұғырыбиікТәуелсіздік
#шығармашылықбайқау
#МеніңҚазақстаным
#ҚазҰАЗУжастары
Читайте также Архив новостей